ЕО демократияға нұқсан келтіру үшін жалған ақпарат қолданатындарды жазаламақшы

19 Шілде 2022, 08:10
1249
Бөлісу:
ЕО демократияға нұқсан келтіру үшін жалған ақпарат қолданатындарды жазаламақшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақтың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель Брюссельдегі ЕО СІМ басшыларының кездесуінде Еуроодақ демократия мен демократиялық институттарына нұқсан келтіру үшін жалған ақпарат қолданатындарды жазалаушы тетік әзірленетінін мәлімдеді, деп жазды zakon.kz.

Ақпаратты бұрмалау – бұл соғыс қаруы. Сондықтан біз демократияға және демократиялық институттарымызға жалған ақпарат беру арқылы зиян келтіретіндерді жауапқа тарту тетігін құруға кірісеміз, – деп келтіреді Боррел сөзін ТАСС агенттігі.

Механизм .қалай жұмыс істейтіні әлі белгісіз. Алайда, оны сыртқы саяси қызмет әзірлейтіні белгілі. Атап көрсетілгендей, бұл жеке тұлғалар мен ұйымдарға, соның ішінде БАҚ-қа қолданылуы мүмкін жаңа санкциялық тетіктің құрылатынын білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы