Энергетика министрлігі жанармай өнімдерінің шекті бағасын белгіледі

26 Наурыз 2023, 04:30
1021
Бөлісу:
Энергетика министрлігі жанармай өнімдерінің шекті бағасын белгіледі
Фото: elorda.info

ҚР Энергетика министрлігі автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті баға белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Құжат жобасына сәйкес, автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағалар былай белгіленген:

1) Аи маркалы бензин-80 – тоннасына 93 161 теңге;

2) Аи-92 және Аи маркалы бензин-93 – тоннасына 193 649 теңге;

3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.

Өзгелердің жаңалығы