Энергетика министрлігі қандай жобаларды цифрландырады?

6 Мамыр 2021, 10:41
1832
Бөлісу:
Энергетика министрлігі қандай жобаларды цифрландырады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова айтып берді. 

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында цифрландырудың бес бағыты қарастырылған.

Министрлік «экономика салаларын цифрландыру» бірінші бағыты аясында алты жоба бойынша жұмыс жүргізуде. Олардың қатарында, жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша электрондық аукцион құру, мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру және мұнай-газ кешеніне қатысты төрт жоба бар. 

Жанат Жахметова үш жоба бойынша жұмыстар аяқталғанын атап өтті.

«Зияткерлік кен орны», «Цифрлық кеніш», мұнай өңдеу зауыттарында кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу жобалары енгізілді. Ал төртінші, «Қазақстаннның Біріңғай электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқрауды автоматтандыру» («KEGOK» АҚ) жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы