Энергетика министрі жылу желілеріндегі мәселе қалай шешіліп жатқанын айтты

12 Желтоқсан 2023, 15:17
647
Бөлісу:
Энергетика министрі жылу желілеріндегі мәселе қалай шешіліп жатқанын айтты
Фото: gov.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі жылу орталығындағы апаттардың себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен аптадан бастап Қазақстанға суық атмосфералық ауаның кіруімен энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық бұзушылықтар байқалды. Энергетика министрлігінің құзыреті аясында технологиялық бұзушылықтар Теміртау «Bassel Group LLS» ЖШС және Екібастұз ЖЭО Риддер ЖЭО, ГРЭС-1-де ғана атап өтілді. Көрсетілген ЖЭО бойынша температуралық режим толық көлемде қалпына келтірілді. Сонымен қатар, технологиялық бұзушылықтардың жіктелуіне сәйкес, аталған жағдайлардың ешқайсысы апатқа ұшырамайды, – дейді Энергетика министрі үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылған.

Қазіргі таңда барлық тұтынушылар қосылған. Электр қуатын тұтынудың максимумы 2024 жылғы қаңтарда 16,5 мың МВт өз генерациясы кезінде 17 мың МВт деңгейінде күтіледі, – дейді Сәтқалиев.

Өзгелердің жаңалығы