Энергетика министрі Қашағанға барды

12 Тамыз 2022, 10:20
888
Бөлісу:
Энергетика министрі Қашағанға барды
PHOTO

2022 жылғы 11 тамызда  Энергетика министрі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс сапары Солтүстік Каспий жобасының (NCOC) өндірістік нысандарын аралаудан басталды. Министрлік, Атырау облысы әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және NCOC өкілдері Қашаған кен орнындағы «D» аралын айналып ұшып өтті. 2022 жылдың басынан бастап Қашағанда 7,2 млн тонна мұнай және 4,4 млрд  м3 ілеспе мұнай газы өндірілді.

Энергетика министрі Қашағанға барды

«Болашақ» зауытын аралау барысында кездесуге қатысушылар мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының (МГКДҚ) жұмысымен танысты, онда министр Болашақ зауытында жөндеу жұмыстарын жүргізу және «D» аралындағы 2 компрессорда іске қосу-баптау барысы және барлық қалпына келтіру жұмыстарының аяқталу мерзімі туралы мәселені көтерді.

Энергетика министрі Қашағанға барды

Энергетика министрі зауыт басшылығына жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Министрлікке жақында газдың шығу себептері мен өндірістік операцияларды қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі жасалған талдауды ұсынуды тапсырды.

Энергетика министрі Қашағанға барды

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 3 тамызында «Болашақ» зауытында газдың шығып кету датчиктері іске қосылып, нәтижесінде мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғыларының барлығы тоқтатылды. Қазіргі уақытта инспекция жүргізілуде, мұнай өндіруді біртіндеп қалпына келтіру жоспары әзірленуде. 9 тамыздан бастап 10 тамызға дейін «D» аралында екінші компрессор іске қосылды, қазіргі уақытта Қашағанда тәуліктік өндіру 100 мың баррель шамасында.

Өзгелердің жаңалығы