Энергетика министрі коммуналдық қызметке ай сайын қанша төлейтінін айтты

Ерлан Ақкенженов коммуналдық төлемге интернет пен автотұрақ ақысын қоспайтынын айтты.

 gov.kz 10 Қараша 2026, 10:42
10 Қараша 2026, 10:42
93
Фото: gov.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметтерге ай сайын қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер Энергетика министрінен ай сайын коммуналдық төлемге қанша қаражат жұмсайтынын сұрады. 

Министрдің айтуынша, Highvill тұрғын үй кешеніндегі пәтері үшін ай сайын шамамен 73–75 мың теңге төлейді. Ал мемлекеттен алатын жалақысы 1,2 миллион теңгеге жуық. 

Мен коммуналдық қызметтерге шамамен 73-75 мың теңге төлеймін. Highvill тұрғын үй (Астанада - ред.) кешенінде тұрамын. Ай сайын коммуналдық шығындарға осынша қаражат жұмсаймын, – деді Ерлан Ақкенженов.

Министр бұл сомаға интернет ақысы мен автотұрақты пайдалану шығыны кірмейтінін нақтылады. Оның айтуынша, тұрғын үй кешеніндегі бір автотұрақ орнын жалға алады.

Сондай-ақ Ерлан Ақкенженов мемлекеттен алатын айлық жалақысы шамамен 1 миллион 200 мың теңге екенін айтты.

Менің жалақым шамамен 1 миллион 200 мың теңге. Оны маған мемлекет төлейді. Есепті өздеріңіз шығара аласыздар деп ойлаймын, – деді министр.

Еске салайық, бұған дейін министр биыл қыста электр энергиясын тұтыну рекордтық деңгейге жетуі мүмкін екендігін айтқан болатын.

Тағы оқи отырыңыз: Биыл өңірлердегі жылу желілерін жөндеуге 796 млрд теңге бөлінген

 

Наверх