Энергетика министрі француздық EDF компаниясының өкілдерімен кездесті

27 Қаңтар 2023, 14:36
926
Бөлісу:
Энергетика министрі француздық EDF компаниясының өкілдерімен кездесті

2023 жылғы 26 қаңтарда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Францияның Électricité de France  компаниясының жаңа халықаралық атом жобаларын дамыту жөніндегі аға вице-президенті Вакис Раманимен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

EDF-Франциядағы ең ірі энергия өндіруші компания және әлемдегі ең ірі атом электр станциясының операторы, оның 92,71%-ы мемлекетке тиесілі. Қазіргі уақытта EDF Францияда 61,4 ГВт қуаты бар 56 реакторды басқарады. 2021 жылы компания - 523.7 Тв (410 ТВт - АЭС) электр энергиясын өндірді. 2021 жылы EDF компанияларының электр энергиясын өндіру мынадай: АЭС - 78,2%, ГЭС - 8,8, Газ – 7,3%, Мазут – 1%, Көмір – 0,7%, басқалары – 4%.

Кездесуде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар түйінді мәселелер, оның ішінде француздық тарап ұсынған Қазақстандағы бірінші АЭС үшін EPR-1200 реакторы талқыланды.

Францияда ядролық отын өндірісінің толық циклі бар екенін атап өтеміз. 2021 жылы Өскемен қаласында Framatome француз технологиясы бойынша Қытай АЭС үшін дайын ядролық отын өндіретін «Үлба-ТВС» зауыты іске қосылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом энергетикасын дамыту жөнінде өзара тиімді әріптестік құру туралы бірлескен жұмысты жалғастыруға сенім білдірді.

Қазақстан қарайтын ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне пайдалану тәжірибесі, жоғары қуатты уақытпен тексерілген реакторлық технологиялары бар 4 шетелдік компания (Қытайлық CNNC, Оңтүстік Кореялық KHNP, Ресейлік «Росатом» МК және Француз EDF) кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Францияға сапары шеңберінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев EDF бас директоры Люк Ремонмен атом энергетикасында озық технологияларды енгізу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.

Өзгелердің жаңалығы