Енді студенттер военкоматқа барып сабылмайды – Мусин

21 Қараша 2023, 11:03
1020
Бөлісу:
Енді студенттер военкоматқа барып сабылмайды – Мусин
Фото: - архив

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин студенттер оқу орнынан анықтама жинап әуре болмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта жұмсайтын. Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады, – дейді Бағдат Мусин.

Ол сұранысқа ие тағы бір қызмет жайлы айтты.

Мысалы, зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізілмек. Сонымен қатар жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобалар әзірленуде. Пилоттарды сапалы және уақытылы енгізуді мемлекеттік органдардан сұраймыз, – дейді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы