Енді салық 4%-ға дейін төмендейді

2 Наурыз 2023, 10:47
1412
Бөлісу:
Енді салық 4%-ға дейін төмендейді
Фото: time.kz

Сенаторлар салықты 4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған болатын.

Сіздердің қарауларыңызға «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр. 2022 жылғы 19 сәуірде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісімге қол қойды. Осы Келісім тауарларды навигациялық пломбаларды қолдана отырып, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша өткізу кезінде қадағалау мүмкіндігін көздейді, - деп атап өтті Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Айтуынша, тауарлардың санаттары мен көлік ерекшеліктеріне байланысты өтпелі кезеңдер қарастырылған. 

Бұл қадағалаудың әрбір кезеңінің басталуымен навигациялық пломбаларды қолданудың тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бизнес үшін осы Келісімнің артықшылығы – өз тауарларын Одақ кеңістігінде қауіпсіз транзиттеу, оған мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары тарапынан бақылаудың қосымша шараларын болдырмау мүмкіндігін жасау. Келісім мемлекет үшін халықаралық тасымалдардың ашықтығын, «жалған транзит» пен «жалған импортты» болдырмауға, және тиісінше бюджетке ақша түсімдерінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындаған, - деді ведомство басшысы.  

Құжат бөлшек салық бойынша арнаулы салық режиміне қатысты бірнеше басымдықтарды көздейді. 

Салық кодексінің бөлшек сауда жөніндегі тарауының қолданысын қалпына келтіру; режимді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану мүмкіндігін беру; қызмет түрлерінің тізбесін (қоғамдық тамақтану саласы ғана емес, Үкімет қаулысымен айқындалатын тізбені) кеңейту; бөлшек салық режимінің қолданылуының мерзімсіздігі; салық мөлшерлемесін 6%-дан 4%-ға дейін төмендету; мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендету құқығын беру; заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен кірістер бойынша – 8% мөлшерінде мөлшерлеме белгілеуді көздейді. Салықтың көрсетілген сараланған мөлшерлемелерін қолдану үшін салық төлеушілер бөлек салық есебін жүргізуі тиіс, - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Осы арнаулы салық режимін қолдану өлшемшарттарын белгілеу: жұмыскерлердің жалпы орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды, бір жылдағы кірісі 600 мың АЕК-тен аспауы тиіс. Банктер мен микроқаржы ұйымдарының стрестік активтеріне қатысты: жеке инвесторларды стрестік активтерді сатып алушылар тізіміне енгізу резидент инвесторларға салықтарды кассалық әдіс бойынша төлеуді көздейтін салық режимінің, яғни Салық кодексінің 233-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес борышкер төлеген сома мен қарыз (микрокредит) бойынша талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырманың қолданылуын көздейді. 

Бейрезидент инвесторлар үшін қазіргі уақытта Салық кодексінде салық салудың жекелеген тәртібі көзделген, ол есепке жазу әдісін қолдануды және тиісінше толық алынбаған табысты қоса алғанда, бүкіл табыстан салық төлеуді көздейді, бұл бейрезидент шығыстарының ұлғаюына және стрестік активтердің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді. 

Стрестік активтерді сатып алушы резиденттер мен бейрезиденттер арасында салық салу шарттарын теңестіру үшін бейрезидент сатып алушыларға резидент сатып алушылар үшін көзделген салық салу тәртібіне (кассалық әдіске) ұқсас тәртіпті қолдануды көздейтін Салық кодексінің 644 және 645-баптарына түзетулер енгізілген. Сондай-ақ салықтық әкімшілендіру мақсаттары үшін сервистік компаниялар мен борышкерлерді (ЖК және ЗТ) салық агенттері ретінде айқындайды.

Өзгелердің жаңалығы