Енді ресейліктерге ЖСН SMS арқылы жіберіледі

29 Қыркүйек 2022, 17:03
1170
Бөлісу:
Енді ресейліктерге ЖСН SMS арқылы жіберіледі

Бүгін біз Астана әкімдігімен бірге «Жастар» сарайында жедел түрде ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жағдайды өз көзіммен көріп қайттық. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Бағдат Мусин жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Аталған Халыққа қызмет көрсету орталығы негізгі орталықтарға түсетін жүктемені азайту үшін ашылған болатын. Қазіргі уақытта өз отандастарымызға бірінші кезекте, кедергісіз, штаттық режимде қызмет көрсетіліп жатқанын атап өткім келеді, - деп жазды ол.

Ресей Федерациясынан келген азаматтар санының көптігінен, операторлар ұзын-сонар кезекте тұрғандарды қабылдап үлгермеуде.

Енді ресейліктерге ЖСН SMS арқылы жіберіледі

Бүгінгі күнге дейін жағдай былай өрбіді: Ресей азаматтары ХҚКО-ға келіп, құжаттарын ұсынады, олардың деректері базаға енгізілгеннен кейін қайтып, екінші күні ЖСН алу үшін ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да көп уақытын алады. Сонымен қатар, ғимараттағы адам санының көптігіне себеп болады.

Енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты, - деді Мусин.

 

Енді ресейліктерге ЖСН SMS арқылы жіберіледі

Бұл өз кезегінде адамдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады.

Бүгін біз екінші деңгейлі банктерге ЖСН деректер базасында берілетіні туралы ақпаратты жеткіземіз, нөмірді енгізген кезде кез-келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығатын болады.

ХҚКО қызметкерлеріне ештеңеге қарамастан, жедел түрде қызмет атқарып жатқандары үшін алғыс айтқым келеді.

Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы