Енді қызметтік орнын тастап кеткен әскери басшылар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

14 Желтоқсан 2022, 10:58
1072
Бөлісу:
Енді қызметтік орнын тастап кеткен әскери басшылар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров Бас прокуратура өкіліне қызметтік орнын тастап кететін әскери қызметшілердің жауапкершілігіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Бас прокуратура өкіліне сұрақ қойды.  Қасіретті қаңтар кезінде Талдықорған, Жамбыл, Қызылорда облыстарында құқық қорғау басқармасының басшылары өздерінің қызметтік орындарын тастап кетті. Осы басшыларға қатысты қандай шара қолданылды. Ол шаралар жөнінде қоғам қашан біледі?, - деп сұрады Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров. 

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев қаңтар оқиғасы бойынша ай сайын тиісті ақпарат беріліп отыратынын атап өтті. 

Құқық қорғау органдарының әскери қызметшілерінің қызметтік орындарын тастап кету бойынша биылғы шілдеде заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Адам өміріне қауіп төніп тұрған кезде немесе оның мүлкіне шабуыл жасау кезінде әскери қызметшілердің өзінің орнын тастап кету, өз өкілеттігін пайдаланбау бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Ондай басшылардың қылмыстық жауапкершілігі көрсетіледі. Бұған дейін де болған, алайда енді  нақты бап енгізілді. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деп жауап берді Жандос Өмірәлиев Мәжілісте. 

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы