Енді Нұр-Сұлтан әуежайына кіру үшін Ashyq қосымшасын жүктеу қажет

6 Мамыр 2021, 19:00
1657
Бөлісу:
Енді Нұр-Сұлтан әуежайына кіру үшін Ashyq қосымшасын жүктеу қажет

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 10 мамырдан бастап Ashyq қосымшасы арқылы жолаушыларға рұқсат беру жобасы енгізілуде. 

12 мамырдан бастап жобаны толыққанды іске қосу жоспарлануда.

Мобильді қосымшаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялау есебінен жолаушының мәртебесі айқындалады: ол қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па. Яғни жолаушылар мен әуекомпаниялар және әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан санитариялық шараларға (маскалар, термометрия, желдету және т.б.) қосымша бақылау қамтамасыз етіледі. Термометрия (температураны қашықтан өлшеу) коронавирус белгілерін (дене температурасының жоғарылауы) анықтауға көмектеседі. 

Ashyq қосымшасын қолдану жолаушылар мен қызметкерлер үшін қосымша қауіпсіздік кепілі болып табылады.

Осыған байланысты, барлық жолаушыдан әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз статусын тексеруді сұраймыз. Терминал ғимаратына сары және қызыл мәртебесі бар жолаушыларға рұқсат берілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда, қаражатты қайтару бойынша сұрақтарды әуекомпанияларға жіберген жөн,  - делінген әуежай баспасөз хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнестің жекелеген нысандарына қолжетімділік ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тапсырыс беруші болып табылатын Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен қамтамасыз етіледі.


 

 

Өзгелердің жаңалығы