Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы оқу орындарына бөлінетін гранттардың қаржыландыру тәсілін өзгертуді тапсырды.
Мемлекет жастарға білім беру үшін жоғарғы оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгінгі күні бір студентті оқыту құны шамамен млн теңгені құрайды. Грант саны жыл сайын артып келеді. Енді қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуі тиіс. Яғни студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл қаражат студенттің арнайы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау қажет, - дейді Мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, бұл тәсіл жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ бұл мемлекеттік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады. Үкімет бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруы қажет, - деп толықтырды Тоқаев.
Оқи отырыңыз: