Енді АҚШ пен Еуропада тұратын қандастар елімізде кәсіп аша алады

20 Қыркүйек 2024, 14:05
332
Бөлісу:
Енді АҚШ пен Еуропада тұратын қандастар елімізде кәсіп аша алады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлемде инвестициялар үшін бәсекелестіктің күшеюі аясында елдегі бизнес-иммиграцияны одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біздің елде этникалық қазақтарды «Ата жолы» картасына тарту бойынша шаралар қолға алынды. Осы картаны алуға үміткерлердің географиясы кеңейіп келеді. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясы, Германия, Қытай сияқты таяу шет елдермен қатар, «Ата жолы» картасын алуға АҚШ, Еуропалық Одақ елдерінің азаматтары – этникалық қазақтар да қызығушылық танытуда, - деді Ерболат Абулхатин.

Бүгінгі таңда «Ата жолы» картасын 57 этникалық қазақ алды. Оның ішінде сұранысқа ие мамандықтары бар 31 адам және 26 адам кәсіпкер. «Ата жолы» картасын алған этникалық қазақтар көбіне Астана және Алматы қалаларында тұрады.

Естеріңізге сала кетсек, «Ата жолы» картасы өз елдерінде сұранысқа ие кәсіптері бар немесе табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңінен қолдануға ниет білдірген этникалық қазақтарға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы