Еңбекке уақытша жарамсыз азаматқа берілетін төлемақы мөлшері өсті

18 Шілде 2023, 19:41
639
Бөлісу:
Еңбекке уақытша жарамсыз азаматқа берілетін төлемақы мөлшері өсті
Фото: BAQ.KZ

Еңбекке уақытша жарамсыз азаматтарға берілетін төлемақының мөлшері өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұдан былай денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмағандар 51 мың 750 теңгенің орнына 86 мың 250 теңге алады. Бастысы, қызметкердің ауырғанын растайтын қағазы болуы керек. 

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші төлейтін әлеуметтік жәрдемақы маманның соңғы 12 айдағы бір күндік орташа жалақысы мен еңбекке жарамсыз күндерін есепке алып, бөлінеді. 

Айта кетейік, бұл өзгеріс 1 шілдеден бастап қолданысқа енді.

Өзгелердің жаңалығы