Еңбек жанжалдарын реттеуде жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуы жеткіліксіз – Тоғжанов

6 Сәуір 2022, 11:08
1977
Бөлісу:
Еңбек жанжалдарын реттеуде жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуы жеткіліксіз – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты. 

Еңбек дауларын шешу бойынша жедел шаралар кешені жүзеге асырылды. Жыл басынан бері 140 проблемалық кәсіпорын анықталып 91-інде мәселе шешілді. 49 кәсіпорында жұмыс жүргізілуде. 800-ден аса заң бұзушылық жойылып, 10 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалды, - деді Тоғжанов. 

Ол атап өткендей,  200 кәсіпорында 2,7 мыңнан аса жұмыскер жалақысы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді. 

1 млн аса жұмысшының жалақысы 5-тен 50%-ға дейін көтерілді. Қызмет көрсетуші компаниялар қызметкерлерінің  жалақысы негізгі компания қызметкерлерінің орташа жалақысының 70%-на теңестірілді. Бүгінде депутаттық корпуспен бірге кәсіподақ қозғалысын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, - деді Тоғжанов. 

Оның айтуынша, соңғы кездегі еңбек жанжалдары – еңбек қатынастарын реттеуде жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуы жеткіліксіз екенін және олардың ұжым ісінен оқшаулану проблемалары бар екенін көрсетті. 

Осыған байланысты Үкімет жанынан жұмыс берушілер бірлестіктерінің қызметін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы құрамында Мәжіліс депутаты Смышляева Екатерина Васильевна бірге жұмыс істеуде, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы