Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратқа түсінік берді

6 Қаңтар 2024, 20:33
719
Бөлісу:
Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратқа түсінік берді
Фото: gov.kz

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосылған құн салығы үшін өтемақы енгізгені туралы ақпарат тарап жатыр, ведомство бұған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек министрлігі мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарға мұндай сілтемеге өтпеуді ескертті.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Өзгелердің жаңалығы