Еңбек кодексіне артық жұмыстан бас тарту құқығы енгізіледі

16 Наурыз 2023, 18:03
942
Бөлісу:
Еңбек кодексіне артық жұмыстан бас тарту құқығы енгізіледі
Фото: kadry.mcfr.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Еңбек кодексіне артық жұмыстан бас тарту туралы норма енгізілетінін айтты,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Еңбек кодексіне демалыс және  мереке күндері жұмысқа қызметкерді тарту мүмкіндігін, сондай-ақ оның келісімінсіз ауысымаралық демалысты қарастыратын норма алынып тасталады. 

Егер жұмыс беруші жұмыс күндері  немесе жұмыс күніңіз аяқталғаннан кейін сізді жұмысқа тартатын болса, мұның барлығы қызметкердің келісімімен ғана жасалуы керек. Егер келіссеңіз, жұмысқа шығасыз, келіспесеңіз, келіспейтініңізді жазуыңызға болады. Бұл норманың ТЖ, денсаулық сақтау орындарына қатысы жоқ, - деді ведомство басшысы Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол жұмыс кестесі Еңбек келісімшартында бекітілетінін алға тартты. Ал артық жұмыс істегені үшін төленетін қосымша үстемақы Еңбек кодексіне сәйкес орындалады. 

Егер Еңбек кодексінде әр адам жағдайға байланысты бас тартса немесе артық жұмыс істеуге келісуге болатындығы жазылған. Яғни біз таңдау құқығын жұмысшының өзіне қалдырамыз, - деді Тамара Дүйсенова.  

Өзгелердің жаңалығы