Ең үздік мақала авторлары марапатталды

15 Желтоқсан 2021, 20:31
1830
Бөлісу:
Ең үздік мақала авторлары марапатталды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Antikor» сервистік орталығында бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жарық көрген «Ең үздік мақала» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға БАҚ өкілдерін тарту болып табылады.

Нәтижесінде байқауға қатысып, үздік мақала авторы атанған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: Айжан Әуелбекова, Қамар Қарасаева, Михаил Тё, Саятхан Сатылған марапатталды.

Ең үздік мақала авторлары марапатталды
Ең үздік мақала авторлары марапатталды

Сндай-ақ «Antikor» сервистік орталығында жобалар байқауының жеңімпаздарын да марапаттау рәсімі өтті. 
Облыс студенттері арасында өткізілген жобалар байқауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында 12 жоба келіп түсті. Қоғамның дерті болып табылатын сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, онымен күресудің тиімді тәсілдері, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың кешенді жоспарлары туралы идеяларын жобаға түсірген студенттер жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілдерін ұсынды.

Нәтижесінде 1 орынды – Жолдасбек Ақбота Нұрахметқызы, М.Х.Дулати университетінің студенті; 2 орынды – Ағындықова Аида Бекдулдақызы, М.Х.Дулати университетінің студенті;  3 орынды – Қуанышбай Мерей Құралбайқызы, М.Х.Дулати университетінің студенті иеленді.

Ең үздік мақала авторлары марапатталды
Ең үздік мақала авторлары марапатталды
Ең үздік мақала авторлары марапатталды

Байқау қорытындысы бойынша үздік атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған студенттер бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы