"Ең керемет сәт". Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілік туралы айтты

12 Қаңтар 2024, 21:28
21327
Бөлісу:
"Ең керемет сәт". Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілік туралы айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа суретін жариялап, оқырмандарына сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желіде жаңа фотосын паш етіп, оқырмандарынан не байқағанын сұрайды. Көпшілік аталмыш фотоға қарап, актрисаның жүкті екенін болжап жаза бастады.

"Суреттен ішіңізді байқадым", "Аяғыңыз ауыр сияқты", "Жүктісіз ба", - деп жазды оқырмандар.

Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарына нақты жауап бермей, қайта ойландырып қойды.

"Сіз айтқандай болса, ең әдемі жүкті болар ем. Жүктілік - әйел өміріндегі ең керемет сәт", - деп жазды ол.

"Ең керемет сәт". Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілік туралы айтты

Бұған дейін жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат 27 жылдық құпиясын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы