«Эмоцияға беріліп кеттім»: Жамбылда оқушыны ұрып-соққан мұғалім қамалды

Педагог өз әрекетін мойындап, баланың анасынан кешірім сұраған. Енді оқиғаның барлық мән-жайын тергеу анықтап жатыр.

5 Қазан 2026, 13:06
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 5 Қазан 2026, 13:06
5 Қазан 2026, 13:06
248
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жамбыл облысында мұғалімнің кәмелетке толмаған оқушыға күш қолданғаны туралы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынған. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті қамаққа алынды. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – деп хабарлады полиция.

Ведомство істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.

Ал мұғалімнің айтуынша, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Ол сол кезде эмоцияға беріліп, өзін ұстай алмай қалғанын айтқан. Педагог өз әрекетін мойындап, оқушының анасынан кешірім сұраған. Тергеу басталғаннан кейін де ол көпшілік алдында кешірім сұраған.

Қазіргі уақытта баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Оқиғаның нақты қашан болғаны, оған не себеп болғаны және істің өзге де мән-жайлары тергеу барысында анықталады.

Еске салсақ, Қызылорда облысының Қазалы аудандық сотының екі судьясы 9 жылға сотталды.

Наверх