Эльвира Әзімова: 16 өңірдегі 81 тергеу изоляторын араладық

26 Қаңтар 2022, 22:50
2183
Бөлісу:
Эльвира Әзімова: 16 өңірдегі 81 тергеу изоляторын араладық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық мамандары еліміздің 16 өңіріндегі 81 тергеу изоляторын аралады. Бұл туралы Қазақстанның адам құқықтары жөнінідегі уәкілі Эльвира Әзімова Еуроодақ елшілерімен онлайн кездесуде мәлімдеді. 

Айтуынша, орталыққа азаматтардан 39 шағым келіп түсті. Бұл құжаттарда жұрт қаңтар оқиғасын тергеу кезінде құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне наразылықтарын білдірген. Әзімованың хабарлауынша, мемлекеттік қорғаушылар көрсеткен қызметтер сапасы азаматтардың көңілінен шықпады. 

Біз тергеу изоляторларында азаматтарға қарсы жасалған заңсыз әрекеттердің куәсі болдық. Бұл деректерді дереу күдіктілердің туған-туыстарына хабарлап отырдық. Біздің ойымызша, тергеліп жатқан адамдардың ресми тізімі жариялануы керек. Азаматтық қоғам өкілдері де осы процеске белсенді қатысқаны абзал. Халықаралық сарапшылардың келіп, жәрдем беруі де артық болмайды - дейді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова.

Өзгелердің жаңалығы