Елші Қазақстандағы түрік құрылыс компанияларына қатысты пікір білдірді

23 Ақпан 2023, 17:31
1019
Бөлісу:
Елші Қазақстандағы түрік құрылыс компанияларына қатысты пікір білдірді
Фото: aa.com.tr/ru

Бұл туралы Түркияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи елшілікте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, түрік мердігерлері шетелде ғимараттарды жергілікті Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес тұрғызады. Сол үшін олар салған құрылыстың сапасы сын көтермейді деп айтуға негіз жоқ. 

Олар өз жұмыстарын жергілікті Құрылыс нормалары мен ережелері, сондай-ақ бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Әдетте шетелде ең ірі құрылыс саласының мердігер компаниялары жұмыс істейді. Жергілікті органдар түрік компаниялары жүргізген құрылыс сапасын бақылап отырады. Сондықтан түріктің мердігер компаниялары шетелде сапасыз жұмыс істейді деп айтуға келмейді. Жер сілкінісі аймағындағы (Түркиядағы – ред.) құрылыстарды шағын және орта компаниялар салған. Қазақстанда өздерін жақсы жағынан көрсеткен ірі компаниялар ғана жұмыс істейді. Құлаған ғимараттар бойынша сәйкес қорытынды жасалады, - деп атап өтті елші. 

Еске сала кетейік, бұған дейін түрік елшісі Түркиядағы жер сілкінісі аймағында 2 мыңға жуық үйдің құрылысы басталғаны туралы айтқан болатын. Мәліметтерге сүйенсек, наурыз айында 200 мың тұрғын үй, оның ішінде 70 мың ауылдық үй, барлығы 270 мың тұрғын үй/баспана құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы