Елорданың негізгі капиталға құйған инвестиция көлемі артқан

21 Қараша 2021, 15:59
889
Бөлісу:
Елорданың негізгі капиталға құйған инвестиция көлемі артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 878626,1 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 3,9%-ға артық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Нұр-Сұлтан қаласының республикалық көлемдегі үлесі 8,8%-ды құрады.

Инвестициялардың басым үлесі жекеменшік нысандағы кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 78,3%-ын құрайды.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты 74,5%-ды, мемлекеттік бюджет каражаты 13,2%-ды, басқа қарыз қаражаттары 11,4%-ды, банк кредиттері 0,9%-ды құрайды, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы