Елорданың ХҚКО-да санитарлық талаптар қаншалықты сақталған?

2 Қараша 2020, 13:52
1688
Бөлісу:
Елорданың ХҚКО-да санитарлық талаптар қаншалықты сақталған?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазан айында қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайтын мобильдік топ елорданың сол жағалауындағы екі Халыққа қызмет көрсету орталығында бірқатар санитарлық талаптың сақталмайтынын анықтаған. Олардың қатарында келушілердің бетпердесіз жүруі, температураның өлшенбеуі, әлеуметтік арақашықтықтың сақталмауы сынды талаптардың орындалмауы бар. 

Бүгін Есіл ауданы Тауарлар мен қызмет көрсету сапасын қадағалау басқармасының мамандары ескертулер қаншалықты жойылды, санитарлық талаптар Бас санитар дәрігердің қаулысына сай атқарылып жатыр ма деген сауалға жауап табу үшін бұзушылық фактілері орын алған орталықтарды қайта тексерді.

Елорданың ХҚКО-да санитарлық талаптар қаншалықты сақталған?

Есіл ауданы Тауарлар мен қызмет көрсету сапасын қадағалау басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Қуанышбековтың айтуынша, екі Халыққа қызмет көрсету орталығына әкімшілік кодекстің 425 бабының 1 тармағы бойынша 115 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған болатын. 

Елорданың ХҚКО-да санитарлық талаптар қаншалықты сақталған?

Бүгін Мәңгілік ел көшесі, 30 мекен-жайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында адам қарасы көп емес. Күзетшінің есіктен кіргендердің барлығының дене қызуын өлшеп жатқаны байқалады. «Бетпердесіз кіруге болмайды» деген талапты тұрғындар сақтаған. Медициналық маскасіз жүргендер жоқ. 

ХҚКО мамандары мен тұрғындардың арасын әлеуметтік қашықтықтың қызыл сызығынан бөлек арнайы шыны бөліп тұр. Күту залыдағы орындықтарға да бұрыңғыдай қаз-қатар отыруға болмайды. Әр орындықтың ортасы «отыруға тыйым салынған» деген жазу мен қызыл лентамен бөлінген. Кіре берісте қорғаныш құралдарын тастауағ арналған арнайы бокс те қойылған. Әр жерге қойылған антитсептикті де басқарма мамандары талапқа сай деп бағалады. 

Елорданың ХҚКО-да санитарлық талаптар қаншалықты сақталған?

Бұл орталыққа қатысты әлеуметтік арақашықтықты сақтамау, келушілердің бетпердесіз жүруі мен қолданылған қорғаныш құралдарын тастайтын арнайы бокстың болмауы сынды айыптар тағылған болатын. Бүгінгі рейд барысында кемшіліктердің жойылғандығын көрдік. Алайда бұл нысан енді мобильдік топтың назарынан тыс қалады деген сөз емес. Мобильдік топ санитарлық талаптардың сақталуын ай сайын қадағалап отыратын болады, - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы