Елорданың бас санитары қаулысына өзгеріс енгізді. Оқушылар қалай оқитыны анықталды

10 Наурыз 2021, 09:49
1349
Бөлісу:
Елорданың бас санитары қаулысына өзгеріс енгізді. Оқушылар қалай оқитыны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С. Бейсенова 2021 жылғы 9 наурыздағы №9 қаулыға өзгеріс енгізді.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 8 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, - делінген таратылған ақпаратта.

1) 5-тармақтың 5.14 тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етілсін:

- оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен аралас форматта оқыту;

- оқу бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар)үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан (санитариялық-дезинфекциялық режимді, маскалық режимді күшейту, сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтаумен, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту);

2) 5-тармақтың 5.17. тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 25 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Тәрбиелеу объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде объектіні карантинге жабу Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 8 қаулысының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;

3) 5-тармақтың 5.43. тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5 шаршы метр су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4) 5-тармақтың 5.46. тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

5) 5-тармақтың 5.66. тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: Компьютерлік клубтардың жұмысын, тек қана «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, 50% - дан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып рұқсат ету. Тек 18 және одан жоғары жастағы адамдарға рұқсат етіледі;

6) 5-тармақ 5.63-тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын: Боулинг орталықтарының жұмысын, тек қана «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, 50% - дан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен рұқсат ету. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына бірқатар тапсырма берілді.

Қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін. Осы қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органның, ұйымның, кәсіпкерлік субъектісінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін, - делінген құжатта.

Өзгелердің жаңалығы