Елордадағы жаңа шектеулер: Бас санитар дәрігердің қаулысы шықты

21 Қараша 2020, 10:58
1973
Бөлісу:
Елордадағы жаңа шектеулер: Бас санитар дәрігердің қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитар дәрігері Жанна Пралиева коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жаңа қаулы қабылдады. Елордада сауда орталықтарына сенбі күні сағат 20.00-ге дейін санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етілді. 

Сондай-ақ, бірқатар шектеу шаралары енгізілді: 

-ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салынады.

- әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде 2 метрден кем емес сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат етіледі.

- 3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салынады.

- қызметі қайта басталмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік және ойын клубтары, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, караоке, букмекерлік кеңселер мен лотереялар ұтыс ойыны және т. б. баруға тыйым салынады.

- 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу қойылады.

-міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат етіледі.

- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Сондай-ақ, бірқатар сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толтырылуын 30% -дан аспайтындай етумен, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуына тыйым салумен, жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгіленіп, жексенбі және мереке күндері жұмыстарына (оларда орналасқан дәріханалар мен тамақ өнімдерін сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) тыйым салумен ұйымдастыру нысандардың жұмыс істеу тәртібі де өзгерді.

Өзге де шектеу шаралары жөніндегі ақпаратпен мына жерден таныса аласыздар.


Өзгелердің жаңалығы