Елорданың «Алматы» ауданында сервистік полиция моделі енгізілді

27 Наурыз 2021, 18:04
1878
Бөлісу:
Елорданың «Алматы» ауданында сервистік полиция моделі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев facebook-тегі парақшасында жазды. 

Өткен жылдың қараша айынан бастап біздің университеттің қызметкерлері пилоттық жоба бастады.Жоба ҚР ІІМ жобалау офисімен бірлесе іске асырылуда. Біз Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданына сервистік полиция моделін (СПМ) енгізіп жатырмыз. Алғашқы кезеңді іске асыруға негіз болған зерттеу әдіснамасын М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Провосты С. Г. Пен екеуміз әзірлеп, ұсындық. Ал Қазақстан Республикасы ІІМ жанындағы «СПМ» жобалық офисіндегі Н. Ерғалиева, Д. Қаржаспаевпен бірлесіп келісілді және пысықталды, - деп жазды ол. 

Ол атағандай, қазіргі уақытта Эрмек Сокурова, Оксана Возняк, Дана Түсіпжанова сынды оқытушылар учаскелік полиция инспекторларының жұмыс уақытының хронометражын анықтауды аяқтады, сұхбат алып, пікірлерін сұрап, сауалнама жүргізді.

Материалдық-техникалық базаларына да тексеру жүргізілгенін атап өткен жөн.Біз қазір жиналған барлық ақпаратты жүйелеп жатырмыз. Анықталған проблемалардың себебін іздеп, шешуші жолдары ұсынылуда. Бір жерде әдеттегі бизнес-процестер мен нормативтік базаны өзгертіп, жұмыс схемасын қайта құру қажет болады. Ал бір жерде қарапайым логикалық регламентті енгізу жеткілікті, - деді ол. 

Ол әзірге аталған жұмыстар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат бере алмайтынын айтты. 

Шұғыл шаралар қабылданбай қылмыстық жағдайды бақылауда ұстау қиын. Ең өрескелі - дефицит жағдайында проблеманы қызметкерлердің өз есебінен шешу қағидаты қалыптасқан. Ескі принциптер өткен шақта қалып, тұрақты мемлекеттік қолдаумен алмастырылуы тиіс. Сондай-ақ біз жергілікті полиция қызметкерлеріне арнап оқыту бағдарламасын әзірледік. Бүгінде М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің есебінен, біздің базамызда 32 учаскелік полиция инспекторын оқытудамыз. Оларға жақында 29 патрульдік полиция қызметкері қосылады, - деді Нәрікбаев. 

Оқыту бағдарламасы келесі курстарды қамтиды: «Дау-жанжал психологиясы», «Коммуникация», «Құқықтық талдау практикасы», «Эмоционалды интеллект», «Құқықтық хат».

Аталған курстар полиция құзыретіндегі ең айқын проблемаларды (сөйлеу, мінез-құлық, талдау, жазу) шешуге бағытталғанын қаладық. Сондықтан курс полиция құзыретінен басталып, оқу процесінде олардың күнделікті тәжірибесі мен жұмысының қыр-сырына назар аударылады. Бұл бағдарламаны кеңейтіп, басқа аймақтарды да қамтуға болады деп үміттенеміз. Өйткені полицияның сервистік моделі дегеніміз - кеңсесі бастан аяқ жабдықталған қызметкерлер емес, мұнда бастысы – олардың дүниетанымы.

Өзгелердің жаңалығы