Елорданың 25 жылдығы: Астанада дрондар шоуы өтеді

6 Шілде 2023, 12:40
1114
Бөлісу:
Елорданың 25 жылдығы: Астанада дрондар шоуы өтеді
Фото: скрин

Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын болмаған шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара 6 шілде күні «Қазақ Елі» алаңында, Тәуелсіздік даңғылында, сағат 22:30-да өтеді.

Түрлі-түсті фигураларды құрайтын дрондар түнгі аспанды ерекше күйге бөлейді. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған, түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары және т.б. көрсетіледі.

Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылып, оған 500 дрон қатысады. Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы