Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді

15 Сәуір 2019, 22:27
1711
Бөлісу:
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәуліктерде жауған жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Жауынның салдарын жоюға 1470 жол жұмыскері, мамандандырылған техниканың 395 бірлігі шықты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», – делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Осыған орай қалалық билік өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарын жолдарда абай болуға шақырады. Синоптиктердің болжауынша түнде республика астанасында қар жаууы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы