Елорданың білім басқармасы #өзіңненбаста эстафетасын бастады

10 Қыркүйек 2019, 09:29
1894
Бөлісу:
Елорданың білім басқармасы #өзіңненбаста эстафетасын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстафетаны қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин бастады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

"Соңғы күндері елордалық мектептерде былтырдан бастап орын алған бастамаға қатысты көптеген пікірталастар туындауда. Атап айтқанда, оқушыларға мектеп ғимаратын тазалау кезінде техникалық қызметкерлерге көмек көрсету. Жалпы, бұл әр оқушы еден жуу керек деген сөз емес, осыны бірден атап өткім келеді. Бастама асханада ыдыстарын жуатын жерге апару немесе сабақтан кейін жұмыс орнын таза ұстау, кейбір жағдайда сыныптар мен дәліздерді жинауға көмектесу сияқты жұмыстар. Бұл біздің балаларымыздың бойында басқа адамдардың еңбегін құрметтеу және қоршаған ортаға күтіммен қарау дағдыларын дамыту үшін жасалады. Әрине, балалардың қалауы бойынша ғана іске асатын шаралар екенін ескертеміз.

Тек сырттан бақылаушы рөлін атқармас үшін, мен бүгіннен бастап әр кеш сайын техникалық қызметкер әйелдерге өз кабинетімді тазалау арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп, көмектесуге шешім қабылдадым. Бұған былай қарағанда 15-20 минут қана уақыт кетеді.

Бүгін #өзіңненбаста эстафетасына бастама бере отырып, елордалық білім беру ұйымдарының басшыларын біздің балаларымызға өзіміз бұл жұмыстың ешқандай қиын және ұятты емес екенін көрсетуге шақырамын", - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы