Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елорданың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдаймын

22 Наурыз 2019, 12:26
3440
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі Унзила Шапақ елорда атауынын өзгеруіне қатысты пікір білдірді.

ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі Унзила Шапақ елорда атауын өзгертуді қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, астананың дәл қазіргі дей қалыптасуына экс-президент Нұрсұлтан Әбішұлының қосқан үлесі зор және оны ешкім жоққа шығара алмайды.

«Қала атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдаймын. Нұрсұлтан Әбішұлының тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына қосқан үлесі зор. Астанамыздың дәл бүгінгідей қалыптасуына да себепші болды, сондықтан қала атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі заңдылық деп ойлаймын», - дейді ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі Унзила Шапақ

Өзгелердің жаңалығы