Елорданың қарттар үйінде 18 адам коронавирус жұқтырған

16 Сәуір 2020, 19:52
1809
Бөлісу:
Елорданың қарттар үйінде 18 адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы қарттар үйіндегі 18 кісі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Нұр-Сұлтан қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес медициналық және әлеуметтік мекемелердің палаталары мен қызметкерлерін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соған сәйкес "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 380 адам тексеріліп, олардың (306 тұрып жатқан адам мен 74 қызметкер) 18-нен коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның бәрі ауруханаға жатқызылып, бәрі де хаттамаға сәйкес ем алуда, - дейді Сәуле Қисықова.

“Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - қарт адамдар мен мүгедектерге күтім жасау бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынатын мемлекеттік орган.  Орталық зейнет жасындағы және I және II топтағы мүгедектерді жалғызбасты және үнемі сыртынан қарауды қажет ететін адамдарды орналастыруға арналған.  Мекеме 1989 жылдан бастап жұмыс істейді, 2007 жылы Көктал-1 тұрғын үй кешенінде жаңа ғимараты ашылды.

Жалпы, елордада екі күн ішінде 34 адамнан осы індет табылған.
15 сәуірде 15 адамнан анықталса (жұқтыру өсімі 5,3 пайыз), бүгін тағы 19 тіркелді (өсім 6,4 пайыз). Екі күн ішінде вирус жұқтырған адамдардың төртеуі – бірнеше күн бойы коронавирус жұқтырды деген күдікпен стационарларда болғандар. Тексеру кезінде олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды, - дейді басқарма басшысы.
Өзгелердің жаңалығы