Елордалық ұландар бір күнде ұрлаған 3 телефонды қайтарып берді

2 Қаңтар 2023, 14:38
905
Бөлісу:
Елордалық ұландар бір күнде ұрлаған 3 телефонды қайтарып берді

Жаңа 2023 жылдың алғашқы күнінде Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің сарбаздары үш ұялы телефон тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде Орталық саябақ ішіндегі өзен жағасында әскери жасақ бастығы қатардағы Асхат Нығметуллин мен патрульдік жауынгерлер Владислав Дубровский және Әділжан Қордабас «Samsung» маркалы ұялы телефонын тауып алады. Бұл туралы бірденәскери жасақтар бойынша кезекшіге баяндады. Смартфондағы байланыс нөмірлерінің көмегімен, иесімен хабарласу мүмкіндігі туады. Кездесудібелгілеп, өзін смартфониесімін деп таныстырған әйелге телефонныңшын мәнінде тиесілі екеніне көз жеткізгеннен кейін қайтарыпбереді, - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сондай-ақосы күні «Алматы» ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген тағыбір әскери жасақ «Қазақ елі» алаңында Iphone 11pro маркалы телефонды байқады.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Зәкір Әли меноның қарамағындағы патрульшілерАбылайхан Малғаждаров пен Тимур Серіковбұл туралы патрульдік топ бастығынабаяндады.

Біраз уақыттан кейін телефонғаиесі қоңырау шалып, ұландықтар айтқан жергекеледі. Телефонның құлпын ашу арқылы, оның иесі екенін растайды. Сонымен қатар, қызметтерінде қырағылық пен жауапкершілік танытқаны үшін әскери қызметшілерге алғысын білдірді.

Сол күні сағат 18:15-те «Есіл» ауданының тыныштығын күзеткен әскери жасақ бастығы қатардағы Тельман Балабеков пен патрульдік жауынгерлер Виктор Паерели және Юрий Пинкин қар арасында жатқан «Samsung» маркалы телефонын көреді.

Біз табылған телефон туралы патрульдік топтың бастығы кіші сержант Сүлейменовке баяндап, иесін іздеуге кірістік. Көп ұзамай иесін анықтап, біз оған олжаны бердік, - дейді Тельман Балабеков.

Смартфонды қайтарғаны және қырағылық танытқаны үшін азамат елордалық құрама жауынгерлеріне алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы