ТЖД жылыту құралдарын қолданғанда сақтық шараларын сақтауды ескертеді

2 Қыркүйек 2019, 20:55
1327
Бөлісу:
ТЖД жылыту құралдарын қолданғанда сақтық шараларын сақтауды ескертеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда алдағы үш тәулікте күн суытып, үсік болады.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша Нұр-Сұлтан қаласында түнде 3-4 қыркүйекте топырақ бетінде 1°С үсік күтілетіні туралы хабарлайды.

Ауа-райының суып кетуіне байланысты тұрғындар жылыту құралдарын жиі қолданады, осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту құралдарын қолдану кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді:

-         электро сымдары мен электро құралдары қолдану кезінде өрт қауіпсіздік шаралын сақтау;

-         қолдан жасалған жылыту құралдарын қолдануға , жылыту құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды;

-         жылыту құралдарын түнгі уақытта қосулы қалдырмауға, оларға заттарды кептіруге болмайды;

-         электровилкалар мен розеткаларының қызып кетуі электро құралдар мен жүйенің артық салмақ түсуінің белгісі болып табылады.

-         балалардың жылыту құралдарымен ойнауын болдырмаңыздар;

-         құралдарды жиһаздар мен перделерден алшақ жерге қойған жөн.

-         пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет

  «Өрт болған кезде «101» телефон нөміріне хабарласыңыздар!», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы