Елордалық тұрғын құлаққап ұрлағаны үшін жауапқа тартылмақ

23 Тамыз 2023, 18:41
900
Бөлісу:
Елордалық тұрғын құлаққап ұрлағаны үшін жауапқа тартылмақ
Фото: Polisia.kz

Елордалық тұрғынның қас қағымда ұрланған AirPods-2 құлаққабы иесіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Астана қаласы Нұра ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 40 жастағы қала тұрғынын ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен құрықтады.

Тергеу барысында күдікті деп табылған ер азамат қаладағы сауда орындарының біріндегі ойын-сауық орталығының дәмханасында отырып, үстел үстіндегі ақ түсті AirPods-2 құлаққабын жасырын ұрлағаны анықталған.

Ол үстел қасында тұрған барсеткадан 70 мың теңге тұратын құнды затты жымқырып, “ізін суытқан”.

Ер адам кінәсін мойындап, заттай айғақтар тәркіленді.

Оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған азаматқа ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Өзгелердің жаңалығы