ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің студенті Мұхаметжан Ағыбай Будапеште өткен "WorldSkills Hungary 2025" чемпионатында «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша 1-орын алып, алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұхаметжан Ағыбай – 2024 жылғы WorldSkills Kazakhstan чемпионатының жеңімпазы. Ол енді 2025 жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысуға үміткерлердің қатарында.
Бұл жеңіс – еліміздің ТжКБ жүйесінің сапасын көрсетіп, Қазақстан жастарының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.