Елордалық полиция басшысы халықпен кездесу өткізді

Елордалық полиция басшысы халықпен кездесу өткізді
569

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев халықпен кездесу өткізді, деп хабарлады BAQ.KZ қалалық Полиция депаратаментіне сілтеме жасап.

Полиция ведомствосының басшысы елордадағы қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Жалпы, жедел жағдай тұрақты. Статистикаға сәйкес, халық санының өсуімен, көші-қон процестерінің, оның ішінде ішкі көші-қонның жоғары деңгейімен, сондай-ақ тұрмыстық және мүліктік қылмыстар, интернет-сауданың танымалдылығымен байланысты қылмыстарды тіркеу 4,7% - ға шамалы ұлғайған.  Сондай-ақ, 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 131-ден 125-ке дейін төмендеді. Кісі өлтіру, өлімге әкеп соқтыратын денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, тонау, бұзақылық және есірткі қылмысының ашылуы жақсарды. 243 іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, 192 із-түзсіз жоғалған азаматтың тағдыры анықталды. Жалпы, соңғы 5 жылда қылмыстар саны 2 есеге азайды,- деді департамент бастығы.

Кездесуде елордалық полиция басшысы криминогендік жағдайдың бақылауда екенін, бірақ қоғамның, жергілікті атқарушы органдардың көмегінсіз қылмысты жеңу мүмкін еместігін атап өтті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және азаматтарымыздың қауіпсіздігі басты басымдық болған және солай қала бермек. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тиімді алдын алудың маңызы зор.  Осы жылы отбасылық-тұрмыстық негізде 69 қылмыс жасалды. Жанжалқойларға қатысты 3 274 әкімшілік хаттама толтырылды, сот шешімі бойынша 507 адам қамауға алынды, 7 663 қорғау ұйғарымы шығарылды, полицияның өтініші бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 387 ерекше талап қойды. Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 580 "отбасылық тиран" әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Марат Төлебаев. Балалар жылында жасөспірімдер қылмысы мәселелерін шешу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету ерекше өзектілікке ие болды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды ескерту мен алдын алудың маңызды шарасы, олардың тұрақты бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру болып табылады.

Кеңес барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жыл басынан бері 190 есірткі қылмысы анықталып, 250 кг әртүрлі есірткі түрлері тәркіленді. 4 нарколабораторияның қызметі тоқтатылды, 75 наркосайт бұғатталды. Қабылданған шаралармен 530 интернет-алаяқтықты ашуға мүмкіндік туды, 260-тан астам жалған хабарландырулар мен 540 заңсыз интернет-ресурстар бұғатталды.Тұрғындармен кездесуде Департамент бастығы қоғаммен өзара іс-қимылды, полиция қызметінің ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етуді, өзіне сеніп тапсырылған ведомство жұмысының негізгі бағыттары ретінде сервистік модельге көшуді атап өтті. Жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде полиция жұмысының сервистік адамға бағытталған моделін енгізу қамтамасыз етілуде, полиция қызметіне клиентке бағдарланған тәсіл әзірленуде. Департамент басшылығы апта сайын азаматтарды қабылдайды, онда белгіленген проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылданады,- деді ол.

Сөз соңында Департамент бастығы азаматтардан келіп түскен барлық сұрақтарды тыңдады. Тұрғындарды аулаларда автокөлікті тұраққа қою және жол қауіпсіздігі, газ аппаратурасы ауданында, Республика- Кенесары даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің аулаларында бейнебақылау камераларын орнату, аңшыларды қару сақтау, кәсіпкерлерді пиротехниканы сатудың заңдылығы және т.б. мәселелер қызықтырды. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларының жұмысына алғыс сөздер келіп түсті.

Қылмыстарды ашуға белсенді атсалысқаны, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алудағы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі өзара іс-қимыл жасағаны үшін елорданың бірқатар тұрғындары департаменттің алғыс хаттарымен марапатталды.

Марат Төлебаев барлық азаматтарға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы