Елордалық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтап жатыр

15 Қазан 2022, 17:48
1169
Бөлісу:
Елордалық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтап жатыр

ІІМ Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды жедел анықтау мақсатында «Сергек» камераларымен біріктірілген «Qorgau» арнайы мобильді қосымшасы әзірленді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік құралының жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталған кезде камералар патрульдік полиция инспекторына электрондық планшет арқылы бірден сигнал береді. Мұндай автокөліктер туралы ақпарат «102» операторына да беріледі. Қосымша құқық бұзушының көлігінің берілген радиуста орналасқан жерін көрсетеді.

Сондай-ақ, қосымшаның негізгі функцияларының бірі-қаскүнемдер мен жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарды, сондай-ақ іздеуде жүрген көліктерді анықтау болып табылады.

Жоба іске қосылған сәттен бастап шамамен 1 млрд.теңге сомаға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешегі бар 7 628 жүргізушіге, оның ішінде жалған нөмірлері бар көлік құралын басқарғаны үшін – 91 жүргізушіге, басқару құқығынсыз көлік құралын басқарғаны үшін – 620 жүргізушіге, басқару құқығынан айырылғандар үшін – 177 жүргізушіге хабарланды. Коммуналдық тұраққа 706 автокөлік орналастырылып, 920 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы