Елордалық полицейлер мектептердің қауіпсіздігіне тексеру жұмыстарын жүргізді

12 Қыркүйек 2022, 19:24
2156
Бөлісу:
Елордалық полицейлер мектептердің қауіпсіздігіне тексеру жұмыстарын жүргізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектептердің терроризмге қарсы қауіпсіздігіне тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тексеру барысында объектілердің басшыларымен жалпы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің күдікті зат табылған кездегі, терроризм актісінің нәтижесінде пайда болған техногендік сипаттағы қатерлерді жою жөніндегі іс-әрекеттері тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, сондай-ақ бейнероликтер көрсетіліп, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеттері туралы жадынамалар табыс етілді.

Елордалық полицейлер мектептердің қауіпсіздігіне тексеру жұмыстарын жүргізді

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы жеткізілді.

Мұндай ұсыныстар төтенше жағдайлар кезінде профилактикалық іс-шаралар мен іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы