Елордалық полицейлер балаларға мектеп құрал-жабдықтарын сыйлады    

27 Тамыз 2022, 21:38
794
Бөлісу:
Елордалық полицейлер балаларға мектеп құрал-жабдықтарын сыйлады    
PHOTO

«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Сарыарқа» ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері балалары жақында мектеп партасына отыруға дайындалып жатқан отбасыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері аралау жұмыстарын жүргізу барысында отбасындағы балалардың барлығы бірдей сабаққа толық дайын еместігін анықтады. Осылайша аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш силау үшін елордалық полицейлер оқушыларға көмекке келді және бұл үрдіс бірінші жыл орындалып жатқан жоқ.

Елордалық полицейлер балаларға мектеп құрал-жабдықтарын сыйлады    

Полицейлер балаларға барлық қажетті керек-жарақтары бар рюкзактар табыс етті. Тәртіп сақшылары балаларға оқу жылының сәтті өтуіне және жақсы бағалар алуына тілек білдіріп, сондай-ақ үлгілі тәртіпті, мұғалімдерді тыңдау және ата-аналарды өз жетістіктерімен қуанту керектігін еске салды. 

Елордалық полицейлер балаларға мектеп құрал-жабдықтарын сыйлады    

Полиция қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге әрқашан дайын. Бұл сыйлықтар кішкентай болса да, осы балалар үшін демеу болды, - деп атап өтті «Сарыарқа» ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Азамат Әжібаев.

Өзгелердің жаңалығы