Елордалық параспортшылар халықаралық турнирде Астананың намысын қорғайды

16 Сәуір 2024, 20:36
284
Бөлісу:
Елордалық параспортшылар халықаралық турнирде Астананың намысын қорғайды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Алматыда 21 сәуірде Virtus World Half Marathon & 10K Road Race Championships 2024 әлем чемпионаты өтеді (T20 класы). Жарыс жыл сайынғы Almaty Half MARATHON бағдарламасына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Португалия, Болгария, Жапония, Польша, Қытай, Испания, Швеция және Қазақстан сияқты 8 елден пара спортшылар жарысқа қатысады.

Қазақстан атынан өнер көрсететін алты пара спортшының бесеуі астаналық. Атап айтқанда, олар – Әмір Алпамыс, Дастан Ордабай, Ерейн Хасенов, Алдияр Асқаров және Азамат Әшірбай.

Елордалық параспортшылар халықаралық турнирде Астананың намысын қорғайды

Олар ii1 (жеңіл психикалық даму) және ii3 санаттарында өнер көрсетеді. Бүгінде елордалық паралимпиадашылар жарысқа белсенді дайындалуда.

Айта кетейік, 2023 жылы VI Дүниежүзілік VIRTUS ойындарында елордалық екі пара спортшы Дастан Ордабай мен Әмір Алпамыс жеңіс тұғырына шықты. Дастан Ордабай велоспортта жарысып, 4 қашықтықты бағындырды. Ол төрт күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, тағы бір елордалық Әмір Алпамыс жүзуден сынға түсетін болады.

Өзгелердің жаңалығы