Елордалық көлік басқармасы баланы көлік қаққан көшеге қашан жарық берілетінін айтты

19 Желтоқсан 2022, 22:45
1011
Бөлісу:
Елордалық көлік басқармасы баланы көлік қаққан көшеге қашан жарық берілетінін айтты

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорданың сол жағалауындағы №38 көшеге қашан жарық берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордадағы №38 көшеде жарықтың қашан берілетінін сұрап, қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына хабарласқан болатынбыз. 

«Бұл мәселе бақылауда. Қысқа мерзімде тұрақты жарықтандыру орнатылатын болады. Жарықтандырудың іркілістері осы учаскеде көше жарығының құрылысы толық аяқталмағаннан уақытша іске қосылды. Қысқа мерзімде бұл мәселелер шешіліп, тұрақты схема бойынша жарықтандыру орнатылады, - деді басқарма BAQ.KZ тілшісінің сұранысына берген жауабында. 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнежазбаларға сүйенсек, сол жағалауда орналасқан №38 көше бойындағы BINOM мектебінің маңында бір оқушыны көлік қағып кеткен

Ата-аналардың айтуынша, көше тас қараңғы, жарық тартылмаған.

Әрі мектептің қасындағы көшеде бір жылдан бері жарық жоқ. Ал аялдама жақында ғана қойылса да, есігі тарс жабық. Бастамашыл топ бұған дейін бұл көшеде мұғалімді көліп қағып, мерт болғанын алға тартты. Алайда өкінішке қарай, ешқандай шара қолданылмағаны белгілі болды. 

 

Өзгелердің жаңалығы