Елордалық еріктілер Ақмоладағы су тасқынына қарсы күресте көмектесуде

11 Сәуір 2024, 00:45
372
Бөлісу:
Елордалық еріктілер Ақмоладағы су тасқынына қарсы күресте көмектесуде
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласындағы "Жастар рухы" және "Астана жастарының" 150-ге жуық еріктілері мен коммуналдық қызмет мамандары Жібек Жолы кентіндегі (Ақмола облысы) су тасқынына қарсы күресте көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жібек жолы ауылының маңында еріген су деңгейінің жоғарылауына байланысты бұл өңірде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Екі тәулік бойы елорда еріктілері қорғаныш жер білігін нығайтуға көмек көрсетіп келеді.

Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы су тасқынына қарсы күреске елорда әкімдігі қорғаныс құрылысын салу және нығайту жұмыстарын жалғастыру үшін барлық қажетті техниканы, инертті материалдарды, құм салынған қапшықтарды әкелді, - деп жазылған қала әкімдігінің хабарламасында.

Өткен айдан бастап елорданың коммуналдық қызметінің бір бөлігі Ақмола облысы Жібек жолы ауылына көмек көрсетуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы