Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

10 Қаңтар 2021, 09:22
1310
Бөлісу:
Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №110 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жүріп жатыр.

"Қазақстан темір жолы" ғимаратында  орналасқан №110 сайлау учаскесі төрағасы Замир Серіковтың  айтуынша, аталған учаскеде 2600-ден астам сайлаушы тіркелген. Олардың ең белсенділері учаскенің есігі ашыла салысымен, таңғы жетіден келіп дауыс бере бастады.

Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Таңғы 7.30-ға дейін 40-тан астам адам дауыс беріп үлгерді. Біз мұндай жандардың белсенділігін ескеріп, оларға азын-аулақ сый дайындадық. Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын сыйға тарттық. 18 жасқа биыл толып, бірінші рет дауыс беруге қатысып отырған азаматтарымыз да құр қол қайтпайды. Олар да осындай сыйға ие болады, - деп атап өтті ол. 

Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Оның айтуынша, сайлау учаскесінің жұмысы 6.00-де басталған. Байқаушылардың қатысумен сейфтер ашылып, бюллетеньдер, тізімдер шығарылды. Қазір мұнда 18 байқаушы жұмыс атқаруда. Соның бірі әнші Майра Ілиясова. Ол тұрғындар белсенділігін атап өтіп, процестің талапқа сай өтіп жатқанын айтты.

Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Дауыс беруге келген азаматтардың бірін сөзге тарттық. Ол бүгінгі күннің әр қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, өз пікірін білдірді.

Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Парламент сайлауы маңыздылығы жағынан мемлекет басшысын сайлаудан кем түспейтін саяси науқан меніңше. Өйткені халықтың мүддесін биік мінберлерде көтеретін де, қорғайтын да халық қалаулылары. Оларды тегіннен-тегін солай атамаймыз. Сондықтан әр қазақстандық бүгін өз таңдауын жасауы тиіс деп ойлаймын. Бұл науқаннан сырт қалу - өз болашағыңа немқұрайлы қараумен пара-пар, - дейді Кеңес Олжабеков есімді елорда тұрғыны.

Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Айта кетерлігі учаскеде барлық санитарлық талаптар сақталған. Кіре берісте тепловизор орналасып, дене қызуы автоматты түрде өлшенеді.

Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Елордалықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Өзгелердің жаңалығы