Елордалық ұландықтар жоғалған ер азаматты тапты

1 Ақпан 2021, 17:50
1244
Бөлісу:
Елордалық ұландықтар жоғалған ер азаматты тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұлан жауынгерлері Петров көшесінде патрульдік қызметін атқарып жүргенде оларға бір азаматша келіп, жоғалған әкесін тауып беруді өтінген, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, ер азаматтың есте сақтау қабілетінен сырқаты бар және сол күні таңертең үйден шыққан күйі қайта оралмаған екен. 

Ұландықтар жоғалған азаматтың түр-сипатын анықтап, қоғамдық тәртіп күзетінде жүрген барлық патрульдік топтарға хабарлайды. Араға бір сағат салып, көрші маршруттан жағымды хабар келіп түседі. 

Әскери жасақ бастығы қатардағы Ерғазы Айсабаев патрульшілер қатардағы Әбдімәжіт Мәжіт және Бексұлтан Қарлыбаевтар сипаттаған азаматқа ұқсас егде адамды тапқандары туралы баяндайды. Азамат автобус аялдамасында тұрған екен. Ұландықтар мән-жайды анықтап, жоғалған азаматты үйіне апарып, қызына тапсырады. Өз кезегінде азаматша Ұлттық ұлан жауынгерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы