Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны ұлының жоғалып кеткен туралы арызданған. Полицейлер бала әжесімен ұрысқаннан кейін, күндіз үйден кетіп, оралмағанын анықтады.
Кәмелетке толмаған баланы іздеу шарасы дереу ұйымдастырылды. Ювеналды полиция инспекторлары аулаларды, көшелер мен құдықтарды тексерді. Көршілерден сұартырылып, баланың барады-ау деген жері түгел тексерілді.
Түн ортасына дейін жалғасқан іздестіру шаралары барысында полицейлер баланы тапты. Кәмелеттік жасқа толмаған бала, күні бойы адасып, астана көшелерінде жүрген.
Тәртіп сақшылары баланы тұрғылықты жеріне жеткізіп, ата-аналарына тапсырды. Баланың әжесі қызметкерлерге немересін тауып бергені үшін ризашылығын білдірді.
Полицияда балалардың үйден қашу жағдайлары жиі тіркеледі. Ата-аналарға мұқият болу керектігін ескертеміз. Егер сіздің балаңыз үйден кетіп қалса, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз, - деді «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасының бастығы Қуаныш Орынбетов.