Елордалық өнертапқыштар ауаны дезинфекциялайтын құрылғы ойлап шығарды

30 Қараша 2021, 15:36
1272
Бөлісу:
Елордалық өнертапқыштар ауаны дезинфекциялайтын құрылғы ойлап шығарды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 арнайы мектепте автономды және қауіпсіздікті бақылау жүйесі ресми түрде іске қосылды. Бұл құрылғыны елордалық өнертапқыштар ойлап тапқан.

Инновациялық жүйе ауаны дезинфекциялауды және сағатына 200 текше метрге дейін 100 шаршы метр бөлмені иондауды қамтамасыз етеді. Жүйе бөлмеде 10 минут ішінде ауадағы ΦX174 КОЛИФАГ вирусының 99,9%-ын жоюға қабілетті.

Осы жүйенің тиімділігін анықтау үшін жабық түрдегі қоғамдық орындарда 2016-2020 жылдар аралығындағы кезеңде қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларының сырқаттанушылығы бойынша ауқымды сауалнама және деректерге талдау жүргізілді. Осы көрсеткіштердің салыстырмалы талдауы апробация жүргізу үшін оңтайлы орын «Нұр-Сұлтан қаласының №2 арнайы мектебі» КММ екенін көрсетті. Бұл мектепте денсаулық жағдайы бойынша ерекшеліктері бар балалар оқитынын ескеру маңызды. COVID-19 пандемиясының қазіргі жағдайында осы мектептің базасында отандық SRC жүйесін орнату ең орынды болып табылады, - деп атап өтті «Астана Innovations» АҚ атқарушы директоры Жасұлан Кенжеғалиев.

Елордалық өнертапқыштар ауаны дезинфекциялайтын құрылғы ойлап шығарды

Жаңа құрылғыны 4 адам жасап шығарған. «Smart Recirculdtion control», яғни SRC деп аталатын құрылғы – аппараттық-бағдарламалық кешен. Отандық құрылғы алғаш рет елордадағы автобус тұрақтарының бірінде сынамадан өткізіліпті.

Ол бөлмедегі таза ауа ортасы үшін аниондардың оңтайлы концентрациясын сақтайды. Бұл адам денсаулығына пайдалы әсер етеді. Сонымен қатар ауаны шаңнан, көгеруден, тозаңнан, жағымсыз иістер мен бактериялардан, темекі түтінінен, никотиннен, күкірттен, көміртегі тотығынан, азот оксидтерінен, озондардан және ауадағы ΦX174 колифаг вирустарынан тазартады. Ионизатор электронды және электрлік жабдықтардан электромагниттік сәулеленудің әсерін жояды және төмен қуат тұтынады. Бөлмедегі адамдарға кедергі келтірмей, дыбыссыз жұмыс істейді, - дейді CEO & Co-founder «IT SMART SOLUTIONS» компаниясының директоры Диляра Төленова.

Елордалық өнертапқыштар ауаны дезинфекциялайтын құрылғы ойлап шығарды

Құрылғы серверлерге беріле отырып, қашықтан басқарумен автоматтандырылған. Онда ионизатордың сигналдарын бақылауға арналған әкімшілік панелі бар бағдарламалық жасақтама, тәулік бойы бейнежазба, автоматты түтін сигналы және аудио-ескертулерді өзгерту мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы