Елордалық оқушылар экологиялық байқауда бірінші орын алды

7 Желтоқсан 2020, 14:17
2410
Бөлісу:
Елордалық оқушылар экологиялық байқауда бірінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 7-12 сынып оқушыларына арналған «Ecostan-ға саяхат» республикалық экологиялық байқауын өткізді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.


Қашықтық форматында өткен байқауда елордалық оқушылардың құрама командасы жеңіске жетті. «National Geographic Qazaqstan» журналымен бірлесіп өткізілген байқау журналдың бас директор-бас редакторы Еркін Жақыповтың басшылығымен ұйымдастырылды.

Сондай-ақ журнал ұжымы үздік жұмыстарды таңдау кезінде демеушілік көрсетіп, қазылар алқасының мүшелері болды. Олар елордалық оқушылардың жұмыстарын ерекше атап өтіп, жоғары баға берді.

Өзгелердің жаңалығы