Елордалық І курс студенттері қашықтан оқиды

31 Наурыз 2021, 16:22
1356
Бөлісу:
Елордалық І курс студенттері қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева офлайн режимде оқыған І курс студенттері 11 сәуірге дейін қашықтан оқу форматына ауысқанын айтты.

Ерекше білімді қажет ететін балаларды қабылдау ата-анасының келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ барлық санитарлық норманы сақтай отырып, мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық қабылдау 1-20 маусым аралығында офлайн тестілеу режимінде өтеді. Ал өтініштерді қабылдау 1 наурыз бен 15 сәуір аралығында ережеге сәйкес өтеді, - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары. 

Оның сөзінше, қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесі ата-аналардың өтініштері негізінде 10 адамнан аспайтын кезекші топтарда сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін алдын ала жазылу бойынша жалғасады. 

Жалпы білім беретін мектептер ішінде орналасқан қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне тыйым салынды. Филиалдар тек жеке орналасқан ғимараттарда жұмысын жалғастырады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында офлайн режимде оқыған І курс студенттерін оқыту 30 наурыз бен 11 сәуір аралығында қашықтан оқыту форматына көшірілді, - деп атап өтті Сматаева. 
Жатақханалар мен хостелдерде тұратын басқа қалалардан келген студенттерге білім алу үшін компьютерлер мен интернетпен қамтамасыз етілді. Бұған дейін Білім басқармасы өкілі төртінші тоқсанда елордалық оқушылардың қалай оқитынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы